Сералиева Рахима Аяғанқызы

Сералиева Рахима АяғанқызыСералиева Рахима Аяғанқызы 1962 жылы Қармақшы ауданына қарасты   Иіркөл ауылында дүниеге келген, ұлты қазақ, бiлiмi жоғары. 1979 жылы Қармақшы ауданындағы №29 орта мектепті үздік бітіріп, сол жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу ісі факультетіне түсіп, 1985 жылы осы аталған оқу орнын дәрігер – терапевт мамандығын  бiтiрiп шықты.

Еңбек жолын 1985–1986 жылдары Қызылорда облыстық ауруханасында  терапия сала бойынша бiр жылдық интернатурадан   бастаған. 1986–1989  жылдары Қармақшы аудандық ауруханасында дәрігер нарколог лауазымы бойынша қызмет атқарған.1989–1993 жылдары Қызылорда қаласындағы «№1 қалалық емханада» аймақтық терапевт дәрігер болып қызмет атқарды.

1993–2008 жылдары осы аталған емханада терапия бөлімінің меңгеруші қызметін атқарған. 2008–2011 жылдары   Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасында бас терапевт лауазымы бойынша қызмет атқарған. 2011 жылдың қыркүйек айынан бастап Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «№1 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК бас дәрігер қызметін атқарып келеді. 

2017 жылы «ҚР Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталған. Денсаулық сақтау ісін ұйымдастырушы мамандығы бойынша Жоғары санаттағы дәрігер.

Сералиева Рахима Аяғанқызы осы атқарып отырған қызметінде өзін жауапкершілігімен, жан – жақтылығымен, ұжыммен жұмыс істей білу, ұйымдастырушылық және басқарушылық қабілеттерімен өзін көрсете білді.Жұмыстағы әріптестерімен іскерлік қарым – қатынаста. Ұжым арасында беделді, халық арасында жақсы сенiмге ие болып, ізінен ерген жас әріптестеріне, шәкірттеріне тәжірибе беруден жалықпайды.
44