Сұлтангереева Гүлнәр Абжәмиқызы

Сұлтангереева Гүлнәр Абжәмиқызы№1 қалалық емхананың "Ана мен бала ' жөніндегі орынбасары Сұлтангереева Гүлнәр Абжәмиқызын құттықтаймыз.

Еңбек жолын 1988–1989 жылдары Қызылорда қалалық әйелдер босану үйінде акушер-гинеколог сала бойынша бiр жылдық интернатурадан бастаған. 1989–1993 жылдары Қармақшы аудандық ауруханасында акушер-гинеколог дәрігер болып қызмет атқарған.

1993–1997 жылдары Қармақшы ауданы, Ақжар совхозындағы ауылдық аурухананың бас дәрігер қызметін атқарған.

1997 жылдың мамыр айынан бастап қалалық № 1 емхананың акушер – гинеколог дәрігер қызметін атқарып келеді. Акушер – гинеколог мамандығы бойынша Бірінші санаттағы дәрігер. Султангереева Гүлнәр Әбжәмиқызы осы атқарып отырған қызметінде өзін жауапкершілігімен, жан – жақтылығымен, ұжыммен жұмыс істей білу, ұйымдастырушылық қабілеттерімен өзін көрсете білді.
36