Медициналық сақтандыру жүйесінде болмауыңыздың алты себебі

Медициналық сақтандыру жүйесінде болмауыңыздың алты себебі

Егер сіз Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына үнемі жарналар енгізіп отырсаңыз, бірақ egov-дағы жағдайды тексергенде, телеграмм бот  «сақтандырылмаған» деп  көрсеткен болса, онда сіз оны анықтап, себебін білуіңіз керек. Біз олардың ең жиі кездесетін себептері туралы айтып береміз. 

Бірінші себеп. Қазақстандықтардың көпшілігі жеңілдікті кезеңді 1 шілдеге дейін төлемдерді төлеуден босату ретінде қабылдап, төлеуді тоқтатты. Ал жеңілдікті кезең халықтың осы тұста МӘМС жүйесіндегі мәртебесін оңай анықтай алуы үшін арнайы жасалды. 
Нәтижесінде, алғашқы алты айда төленбеген немесе ішінара төленген болуы мүмкін, ал МӘМС пакетіндегі медициналық көмек осы кезеңде барлығына тегін қол жетімді болды.  

Не істеу керек? Алдымен айларға бөлінген өз төлемдеріңіздің үзіндісін алу қажет. Егер Сіз жеке кәсіпкер, АҚС шарты бойынша қызметкер, өзін-өзі жұмыспен қамтыған немесе дербес төлеуші болсаңыз, онда сізде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап  8 айға жарналар төленуі керек.  Егер сіз жалдамалы жұмысшы болсаңыз, соңғы 12 айда аударымдар болуы қажет. Егер бір немесе бірнеше ай ішінде аударымдар болмаса, төлем жасалмаған ай үшін төлеу керек немесе жұмыс берушіңізге барып, бар қарызды өтеуді сұрау керек. Естеріңізге сала кетейік, жарналарды уақтылы төлемейтін ЖК мен жұмыс берушілер үшін әрбір мерзімі өткен күн үшін, төлем күнін қоса алғанда, берешек сомасының 1,25% мөлшерінде айыппұлдар мен өсімпұлдар қарастырылған. Егер жарналар мен аударымдар бойынша олқылықтар болмаса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 1406 нөмірі бойынша хабарласу немесе телеграмм ботта   сұрау қалдыру қажет. Сіздің өтінішіңіз жеке қаралады. 
 
Екінші себеп. 42,5 мың теңге біржолғы көмек төлеуге байланысты қазақстандықтардың көпшілігі сәуір-мамыр айларында бірыңғай жиынтық төлемді төлей бастады, осылайша өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар санатына жатқызылды. Айта кетейік, 2 626 теңгенің тек 40% - ы немесе 1,1 мың теңгесі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жұмсалады, қалғандары мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры( МӘСҚ), зейнетақы қоры мен салық төлемі арасында бөлінеді. 
БЖТ міндетті төлемдермен, оның ішінде бюджетке байланысты төрт мәселені бірден шешсе де, көптеген адамдар оны төлеуді жалғастырмауды жөн көрді. Сонымен бірге, «бір реттік» төлеушілердің көпшілігі бұл төлем оларға алдын-ала бір жыл үшін сақтандыру мәртебесін беретініне сенімді. Бұл олай емес. Бірыңғай жиынтық төлемді ай сайын және тұрақты, үзіліссіз төлеу қажет. Егер сіз осы сегіз ай ішінде тек бір рет немесе екі рет төлесеңіз, оны Қор қарыз ретінде қарастырады.

Не істеу керек? Алдыңғы айлар үшін жарналарды төлеу жүргізілетін кезеңді көрсете отырып, дербес төлеуші ретінде 2125 теңге мөлшерінде жеке төлемдермен төлеу қажет. Сіз «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының банктік шотына қолма-қол ақшамен де, банктік аударым арқылы да екінші деңгейдегі банктердің немесе «Қазпошта» бөлімшелерінің кассалары арқылы, сондай-ақ Qiwi және Kassa 24 терминалдары, Халық банкінің терминалдары және Kaspi.kz мобильдік қосымшасы арқылы төлей аласыз. ЕДБ кассалары арқылы төлеу үшін деректемелерді ӘМСҚ www.fms.kz. сайтынан білуге болады. 

Үшінші себеп. Карантиндік шараларға байланысты жұмыс беруші қызметкерлерді жалақысыз демалысқа уақытша босату туралы шешім қабылдады, сонымен бірге міндетті медициналық сақтандыру бойынша аударымдарды тоқтатты. Айтар болсақ, бүгінгі күні шамамен 4,5 миллион адам жарналарды өз бетінше төлемейді, олар үшін жұмыс беруші жасайды. 

Не істеу керекЕстеріңізге сала кетейік, 20 сәуірден бастап ірі бизнес өз қызметкерлері үшін 1 шілдеге дейін, шағын және орта бизнес 1 қазанға дейін 29 қызмет бағыты бойынша аударымдар төлеуден толық босатылды. Осы кәсіпорындардың қызметкерлері олар үшін аударымдар түскеніне немесе түспегеніне қарамастан, осы кезеңге дейін сақтандырылған болып саналады. 
Егер сіз міндетті медициналық сақтандыру төлемдерінен босатылған компанияда 1 қазанға дейін жұмыс жасасаңыз да, өзіңіздің сақтандырылушы мәртебеңіз жоқтығын білсеңіз, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасын жүктеп алуыңыз керек, «ШОБ қызметкерлері үшін» қосымша бетін ашып, ұйымыңыздың БСН көрсетіңіз,  лауазымға тағайындау туралы бұйрықты жүктеп, сұраныс жіберіңіз. Ол 30 минут ішінде өңделеді. Егер МКК деректері бойынша БСН МӘМС төлеуден босатылғандар тізіміне енсе, онда азаматқа 1 күнтізбелік айға сақтандырылған мәртебесі беріледі. Осы уақыт ішінде оның жұмыс берушісі тізімді жаңартуы керек. Ол үшін сіз Мемлекеттік кірістер комитетінің веб-сайтына кіріп, арнайы сілтемені немесе www.msb.fms.kz сілтемесін қарап, ЭЦҚ қолдана отырып, өз қызметкерлеріңіздің деректерін жүктеуіңіз қажет. Атап айтқанда, тізімдерді ай сайын жаңартып отыру керек.
 
Төртінші себеп. Сіз жұмыссыз қалдыңыз және МӘМС үшін жарна төлеуге еш мүмкіндігіңіз жоқ. 

Не істеу керек? Естеріңізге сала кетейік, мемлекет МӘМС жүйесінің негізгі қағидатын ұстанады, бұл ынтымақтастық болып табылады және халықтың әлеуметтік әлсіз топтарынан 11 миллион азаматқа аударымдар жасайды. Бұл азаматтардың 15 жеңілдік санаты, оның ішінде балалар, студенттер, көп балалы аналар, жүкті әйелдер және жұмыссыздар. Сондықтан, егер сіз жұмыссыз қалсаңыз және қазіргі уақытта ӘМСҚ-ға жарна төлей алмасаңыз, жергілікті атқарушы органның жанындағы жұмыспен қамту орталығында ресми түрде тіркелуіңіз керек. Сіздің мәртебеңіз келесі айдан бастап автоматты түрде «сақтандырылған» болып өзгереді.  

Бесінші себеп. Сіз азаматтардың 15 жеңілдік санаттарының біріне жатасыз, бірақ бұл туралы білмейсіз. Сіз біраз уақыт жарналар төлейсіз, содан кейін объективті себептермен тоқтатасыз. Мемлекет сіз үшін жарналарды төлей алмайды, өйткені сіздің мәртебеңіз автоматты түрде тәуелсіз төлеуші немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам болып өзгерді. 

Не істеу керек? Сіз өзіңіздің медициналық ұйымыңыздың Пациентті қолдау қызметіне жүгінуіңіз керек, онда қызметкерлер әр жағдайда маршрутты жеке түсіндіреді. Сондай-ақ, Qoldau 24 \ 7 мобильді қосымшасы арқылы өтініш қалдыруға, 1406 медициналық сақтандыру қорының байланыс орталығына немесе өз өңіріңіздегі  Қордың  филиалына қоңырау шалуға болады. 

Алтыншы себеп. Жарналар мен аударымдарды төлеу кезінде қате көрсетілген деректер, не жеткіліксіз сома. 

Не істеу керекСіз «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына хабарласып, төлем туралы түбіртек ұсынуыңыз керек. Содан кейін қаражатты қайтаруға өтініш жазыңыз және қарызға рұқсат берілген айлар үшін жарналарды қайта төлеңіз. 

Есіңізде болсын, егер сіз сақтандырылмаған болсаңыз да, сіз мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек пакетінде медициналық көмекке құқығыңыз бар. Учаскелік дәрігер, педиатр, жалпы практика дәрігері мамандарының қабылдауы, дәрігерді үйге шақыру, жедел жәрдем, емхана мен стационар деңгейіндегі шұғыл көмек, әлеуметтік маңызы бар, жұқпалы ауруларды, онкологиялық ауруларды емдеу осы пакетке кіреді және сақтандырылған мәртебесіне қарамастан барлығына көрсетіледі. 
Жаңалықтар
25 августа 2020 ж. 143
Толығырақ
Қандай медициналық көмек халыққа жаппай тегін көрсетіледі?

Қандай медициналық көмек халыққа жаппай тегін көрсетіледі?



Мемлекет бұрынғыша халықты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі  (ТМККК) аясында базалық медициналық қызметтермен қамтамасыз етеді:

- Жедел және шұғыл медициналық көмек (қажет болған жағдайда ауруханаға жатқызу);
- Емханаларда қызмет көрсету( әлеуметтік маңызы бар және созылмалы ауруға шалдыққан адамдарды терапевтің, оның ішінде бейінді мамандардың қабылдауы және кеңес беру, зертханалық қызметтер, диагностика, емдеу, вакцинация, скринингтер, 1 жасқа дейінгі балаларды патронаждау, жүктілікті жүргізу);
- Диагностика және емдеу: әлеуметтік мәні бар аурулар (туберкулез, АИТВ, психиканың бұзылуы, қатерлі ісіктер),
негізгі созылмалы аурулар (диабет, артериалық  гипертензия, вирустық гепатит, ревматоидты артрит және т. б.), айналадағыларға қауіпті жіті жұқпалы аурулар.

Сондай-ақ, белгілі бір ауру мен жағдайлар бойынша диспансерлік есепте тұрған азаматтар тегін дәрі-дәрмек ала алады.

Емхана ТМККК пакеті бойынша медициналық көмек көрсетуден бас тартса,  qoldau24/7 мобильді қосымшасы арқылы Қорға хабарласуларыңызды сұраймыз.
Жаңалықтар
25 августа 2020 ж. 135
Толығырақ
Уақытша сақтандырылған мәртебесін қалай алуға болады?

Уақытша сақтандырылған мәртебесін қалай алуға болады?

Мемлекет халықтың жеңілдігі бар 15  санаты үшін  медициналық сақтандыру жарналарын төлейді. Осылайша, халықтың әлеуметтік осал топтары МӘМС аясында ақысыз медициналық көмек ала алады. Егер сіз жеңілдігі бар азаматтар санатында бола тұра, мәртебеңіз «сақтандырылмаған» болса, не істеу керек? 

Сіз УАҚЫТША сақтандыру мәртебесін өзіңіз немесе медициналық ұйымға хабарласу арқылы ала аласыз.  
Пациент медициналық ұйымға жүгінген жағдайда:

• 1-қадам. Пациенттің медициналық ұйымға хабарласып, мәртебесінің «сақтандырылмағанын» анықтау;
• 2-қадам. Медициналық ұйымның қызметкері пациенттің растайтын құжатын сканерлеп, (суретке түсіреді) оны Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы МӘМС жібереді (қосымшаны App Store және Play Market дүкендерінен жүктеуге болады);
• 3-қадам. МӘМС 1(бір) айға жарамды сақтандырылған мәртебесін береді.  
Пациентке сақтандыру мәртебесі берілгені жайлы хабарлама жіберіледі;

Медициналық ұйымға жүгінбеген жағдайда(өздігінен):

• 1-қадам. Пациент Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы МӘМС жүйесінде мәртебесін тексеріп,  «сақтандырылмағанын» анықтайды; 
• 2-қадам. Пациент растайтын құжатын сканерлеп, (суретке түсіреді) оны Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы МӘМС жібереді (қосымшаны App Store және Play Market дүкендерінен жүктеуге болады);
• 3-қадам. МӘМС 1(бір) айға жарамды сақтандырылған мәртебесін береді.  
Пациентке сақтандыру мәртебесі берілгені жайлы хабарлама жіберіледі;



Жаңалықтар
25 августа 2020 ж. 145
Толығырақ
Qoldau 24/7 арқылы уақытша сақтандыру мәртебесін қалай болады?

Qoldau 24/7 арқылы уақытша сақтандыру мәртебесін қалай болады?

Халықтың әлеуметтік осал топтары мемлекет есебінен, МӘМС аясында медициналық көмек ала алады.  Сіз үйден шықпай-ақ, Qoldau 24/7 қосымшасын қолдана отырып, уақытша сақтандыру мәртебесін ала аласыз (кейбір санаттағы азаматтардың мәртебесі сақтандырылмаған жағдайда).

Бұл қосымша Android және iOS платформаларында қол жетімді және қолданыста өте қарапайым. Qoldau 24/7 қосымшасы көмегімен уақытша сақтандыру мәртебесін алудың толық нұсқаулығын ұсынамыз.

• Qoldau 24/7 мобильді қосымшасын AppStore немесе Play Market-тен жүктеп, орнатыңыз;
• Жүйеге тіркеліңіз: электрондық пошта мекенжайын, тегін, атын және байланыс телефонын енгізу;
• Тіркеліп, жүйеге кіргеннен кейін төменгі оң жақ бұрыштағы «Бізге жазыңыз» түймесін басыңыз;
• «Өтініш құру» нысанында «Кеңес алу» санатын таңдаңыз;
• Әрі қарай, тұратын аймақты таңдаңыз;
• «Өтініш мәтіні» өрісінде жеңілдік санатын және ЖСН көрсетуді ұмытпаңыз;
• Растайтын құжаттың фотосын немесе сканерленген түрін тіркеңіз. «Файл тіркеу» түймесін басып, галереядан құжатты таңдаңыз немесе суретке түсіріңіз;
• «Өтінішті жіберу» түймесін басыңыз;

Құжат дұрыс толтырылған жағдайда, «Өтініш сәтті құрылды! Терезені жабу үшін басыңыз» жазбалары шығады. Барлық талаптар дұрыс орындалған жағдайда, 30 минут ішінде МӘМС жүйесіндегі мәртебеңіз жаңартылады.


Жаңалықтар
25 августа 2020 ж. 133
Толығырақ
Туберкулездің  профилактикасы

Туберкулездің профилактикасы

2020 жылдың 12 наурызында N1 қалалық емханаға қарасты С.Сейфуллин атындағы 4 мектеп лицейі мен Қ.Мұхамеджанов атындағы  1 мектеп гимназиясында «Туберкулездің профилактикасы» тақырыбында дөңгелек үстел, семинар- сабақтар ұйымдастырылды.

Мақсаты- туберкулез туралы дерек бере отырып оқушылардың салауатты өмір салтын насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып өз денсаулығын күте білуге, зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға, өз денсаулығына, қоршаған адамдардың денсаулығына жауапкершілігін арттыру. Оқушылар топ-топқа бөлініп  туберкулездің алдын алу, туберкулезбен ауырмау үшін не істеу қажет?, туберкулезбен кімдер ауруы мүмкін?, туберкулезді анықтаудың заманауи әдістері тақырыбында пікір талас жүргізіліп , бейне рөліктер көрсетіліп, ақпараттық танымдық материалдар таратылды. 

Туберкулез деген не? 
Туберкулез- дүниенің төрт бұрышын түгел жайлаған жұқпалы індет.Туберкулезді жұқтырудың негізгі көзі – дерттің ашық түрімен ауыратын адам. Адамның өкпесінде туберкулез ауруын тудыратын бактерияларды 1882 жылы Р.Кох анықтады.
Туберкулез (Кох таяқшасы)-өкпе басқа ағзаларды зақымдайтын қатерлі дерт.Туберкулез бактериясы өте төзімділікпен ерекшеленеді.Күннің көзі жоқ табиғи жағдайда оның өміршеңдігі бірнеше ай бойына сақталады, көше шаңында екі аптаға дейін, кітап беттерінде үш айға дейін, қарда бірнеше жылға дейін сақталады.Тіке түскен күн сәулесі туберкулез таяшаларын 5 минут ішінде өлтіреді. Өкпе туберкулезінен басқа ағзалардың мысалы шеткі лимфа бездерінің,  сүйек, буын, несеп жыныс жүйесінің, іш қуысы ағзаларының, тері, көз, орталық жүйке жүйесінің туберкулезі өкпеден тыс туберкулездер тобына жатады.

Туберкулез қалай беріледі?
Туберкулезді жұқтырудың негізгі көзі – дерттің ашық түрімен ауыратын адам.Науқастың қақырығынан туберкулез таяқшасы бөлінеді.Егер науқас адам қақырықты еденге немесе жерге түкірсе, ол шаңмен араласады.Осындай шаңды жұтқан сау адам ауруды жұқтыруы мүмкін, туберкулез қоздырғышы науқас адам сөйлегенде, жөтелгенде, түкіргенде, гигиена құралдары, ыдыс арқылы ауамен таралады. Сондай-ақ туберкулезбен ауыратын малда инфекция жұқтыра алады. Туберкулезге шалдыққын сиыр сүтін қайнатпай ішу, стерилизациядан, өңдеуден өткізілмеген сүт тағамдарын пайдалану адамның туберкулез жұқтыру қаупін туғызады.Туберкулез таяқшалары адам ағзасына көп жағдайда тыныс алу мүшелері арқылы түседі, туберкулезге шалдыққан малдан өндірілген ет, сүт өнімдерін пайдаланғанда да туберкулезді жұқтыруы мүмкін.

Туберкулез ауруының белгілері қандай?
- екі аптадан асқан жөтел;
-қақырықтың бөлінуі;
-кеуде тұсының шаншуы;
-түнде терлеу;
- дене қызуы көтерілуі;
-әлсіздік;
- шаршау;
-қан түкіру.

Осы белгілердің біреуі байқалса тез арада дәрігерге қаралып,қақырықты зерттеуге тапсыру қажет.

Туберкулез ауруының алдын алу шаралары қандай?
Туберкулез жұқпалы дерт болғандықтан, оны емдеуден гөрі алдын алу жеңілірек.
- Салауатты өмір салтын сақтау: тиімді тамақтану (тамаққа ет, сүт өнімдерін,балықты,дәнді-дақылдарды,көкеністер мен жемістерді жеткілікті мөлшерде қолдану).
- Үнемі дене шынықтырумен айналысу,жақсы демалу,жыл сайын флюрография арқылы тексерілу;
- Темекі шегуден,ішімдіктен,есіркілерден бас тарту;
- Жеке гигиена ережелерін сақтау: қолды, ыдысты тазартқыш құралдар мен ағын суды пайдалана отырып жуу, бөлме ішін дымқыл шүберекпен сүрту.

Салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану және жыл сайын медициналық алдын ала тексерілуден өту- туберкулезбен ауру қауіпін төмендету жолы!


Жаңалықтар
13 марта 2020 ж. 232
Толығырақ
Алғыска бөленген дәрігер

Алғыска бөленген дәрігер

Алғысқа бөленген дәрігер!
Адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандықты таңдау үлкен жауапкершілікті жүктейді. Себебі дәрігер адам жанын терең түсінумен қатар кез келген жағдайда адамдарға көмектесемін деген ізгі ниеті болуы керек. Науқасқа көмек қолын созу барлық дәрігерлер үшін міндеті. Адам дәрігерге жанына батқан аурумен, көңілі түсіп, жаны жылап келеді. Сондайда дәрігер емін жасап, жылы сөйлеп, дәрісін беріп, науқастың ауруын жеңілдетіп, ертеңіне үміт сыйлайды. Адамдарға көмек қолын созып, өз міндеттерін шын ниетімен орындаған дәрігердің бірі N1 қалалық емхананың жоғары санаттағы проф.патолог дәрігері Бейсенбаева Роза Асылбекқызы. 25 жыл қалтқысыз еңбек етіп келе жатқан абзал жан. Бүгінде ұжым арасында  абыройға ие, құрметті қызметкер.Ұзақ жылдар бойы тамаша тәжірибесі қалыптасқан, білімі мен білігі ұшан теңіз осы бір ізгі мамандықты қапсыз меңгерген мамандарды көргенде көңілдегі үміт оты лаулайтыны рас. Қазіргі таңда халықтың денсаулығын нығайтып, қолжетімді әрі тиімді медициналық көмек беруге өз үлесін қосуда. Халыққа адал қызмет етіп, өз ісініздің жемісін көре беріңіз дегіміз келеді.
Жаңалықтар
12 марта 2020 ж. 248
Толығырақ
Мейірімді мейірбике

Мейірімді мейірбике

Мейірбике білім мен шеберлігі бар, күтім процесіне жауапты, мейірімділік көрсете білетін маман болып саналады. Мейірбике-емделушіге толық күтім қамтамасыз ету үшін өзінің кәсіби психологиялық және рухани қасиеттерін дамытқан, бірегей қоғамның белсенді тұлғасы. Қоғам мен емделушілердің қажеттілектерін қанағаттандыру үшін, денсаулықты сақтау үшін медбике жұмысын жалғыз және басқа да денсаулық сақтау саласындағы кәсіби жұмыскерлермен бірге атқара береді.Медицина қызметкерлерінің арасында мейірбикелерге де үлкен міндеттер жүктелген.Осы жолда аянбай еңбек етіп келе жатқан N 1 қалалық емхананың физио кабинетінің жоғары санаттағы мейірбикесі Умирзакова Акзер Хамидуллақызы 1987 жылдан бастап қызмет атқарып келеді.Өз ісіне адал, ықыласқа ие, білімді және шыдамды іскер жан.Бұл кісі өзіне жүктелген міндеттерді  жоғары кәсіби шеберлікпен орындайды. Медицина қызметкерлеріне ең қымбат- адамдарның өмірі, денсаулығы, олардың жақсы жағдайда болуы сеніп тапсырған. Ол тек науқас және оның туысқанының алдында емес тұтас алғанда мемлекет алдында жауапкершілікте.

Жаңалықтар
12 марта 2020 ж. 253
Толығырақ
Азаматтардың жедел медициналық көмек қызметіне хабарласу ережелері

Азаматтардың жедел медициналық көмек қызметіне хабарласу ережелері

«103» қалалық телефоны арқылы жедел медициналық көмек (ЖМК) келесі жағдайларда шақырылады:

1) Қайғылы оқиғалар, жарақаттар немесе уланулар;
2) Науқастың немесе оны қоршаған адамдардың өмірі мен денсаулығына қатты зиян келтіретін аурулардың өршуі;
3) Босану немесе жүктілік өтуінің асқынуы;
4) Жедел коронар синдромы.
Жаңалықтар
05 марта 2020 ж. 254
Толығырақ
Болашақ аналар үшін ақпарат

Болашақ аналар үшін ақпарат

Адам өз ағзасын жүктілікке дайындауы керек.

Қажетті тексерулерден әйелдер де, еркектер де өтеді. Тексерулерді жүктілік болжанатын уақытқа дейін жарты жыл бұрын бастаған абзал. Жалпы тексерілу үшін терапевтке бару керек, жедел респираторлық инфекциялардың профилактикасын өткізіп, гинеколог дәрігерге қаралу қажет, стоматологиялық тесерілу керек, жүктілік болжанатын уақытқа дейін 3 ай бұрын бала көтертпейтін гормоналдық дәрілерді қабылдамау керек (спиральді алып тастау керек), ішімдіктен, темекіден бас тарту керек, дене шынықтырумен айналысып, дұрыс тамақтану және тыныш ұйқы керек.
Жаңалықтар
05 марта 2020 ж. 251
Толығырақ
Туберкулез профилактикасы

Туберкулез профилактикасы

Туберкулез – это очень тяжелое инфекционное заболевание. Вызывает его туберкулезная палочка (палочка Коха). Хоть и считается, что данная болезнь связана с органами дыхания, на самом деле она может поражать почки, кости, лимфатические узлы, кожу, глаза и даже головной мозг. Легче всего заразиться туберкулезом от больного человека, но иногда инфицирование происходит и при контакте с животными.
Жаңалықтар
05 марта 2020 ж. 265
Толығырақ