Туберкулездің профилактикасы

2020 жылдың 12 наурызында N1 қалалық емханаға қарасты С.Сейфуллин атындағы 4 мектеп лицейі мен Қ.Мұхамеджанов атындағы  1 мектеп гимназиясында «Туберкулездің профилактикасы» тақырыбында дөңгелек үстел, семинар- сабақтар ұйымдастырылды.

Мақсаты- туберкулез туралы дерек бере отырып оқушылардың салауатты өмір салтын насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып өз денсаулығын күте білуге, зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға, өз денсаулығына, қоршаған адамдардың денсаулығына жауапкершілігін арттыру. Оқушылар топ-топқа бөлініп  туберкулездің алдын алу, туберкулезбен ауырмау үшін не істеу қажет?, туберкулезбен кімдер ауруы мүмкін?, туберкулезді анықтаудың заманауи әдістері тақырыбында пікір талас жүргізіліп , бейне рөліктер көрсетіліп, ақпараттық танымдық материалдар таратылды. 

Туберкулез деген не? 
Туберкулез- дүниенің төрт бұрышын түгел жайлаған жұқпалы індет.Туберкулезді жұқтырудың негізгі көзі – дерттің ашық түрімен ауыратын адам. Адамның өкпесінде туберкулез ауруын тудыратын бактерияларды 1882 жылы Р.Кох анықтады.
Туберкулез (Кох таяқшасы)-өкпе басқа ағзаларды зақымдайтын қатерлі дерт.Туберкулез бактериясы өте төзімділікпен ерекшеленеді.Күннің көзі жоқ табиғи жағдайда оның өміршеңдігі бірнеше ай бойына сақталады, көше шаңында екі аптаға дейін, кітап беттерінде үш айға дейін, қарда бірнеше жылға дейін сақталады.Тіке түскен күн сәулесі туберкулез таяшаларын 5 минут ішінде өлтіреді. Өкпе туберкулезінен басқа ағзалардың мысалы шеткі лимфа бездерінің,  сүйек, буын, несеп жыныс жүйесінің, іш қуысы ағзаларының, тері, көз, орталық жүйке жүйесінің туберкулезі өкпеден тыс туберкулездер тобына жатады.

Туберкулез қалай беріледі?
Туберкулезді жұқтырудың негізгі көзі – дерттің ашық түрімен ауыратын адам.Науқастың қақырығынан туберкулез таяқшасы бөлінеді.Егер науқас адам қақырықты еденге немесе жерге түкірсе, ол шаңмен араласады.Осындай шаңды жұтқан сау адам ауруды жұқтыруы мүмкін, туберкулез қоздырғышы науқас адам сөйлегенде, жөтелгенде, түкіргенде, гигиена құралдары, ыдыс арқылы ауамен таралады. Сондай-ақ туберкулезбен ауыратын малда инфекция жұқтыра алады. Туберкулезге шалдыққын сиыр сүтін қайнатпай ішу, стерилизациядан, өңдеуден өткізілмеген сүт тағамдарын пайдалану адамның туберкулез жұқтыру қаупін туғызады.Туберкулез таяқшалары адам ағзасына көп жағдайда тыныс алу мүшелері арқылы түседі, туберкулезге шалдыққан малдан өндірілген ет, сүт өнімдерін пайдаланғанда да туберкулезді жұқтыруы мүмкін.

Туберкулез ауруының белгілері қандай?
- екі аптадан асқан жөтел;
-қақырықтың бөлінуі;
-кеуде тұсының шаншуы;
-түнде терлеу;
- дене қызуы көтерілуі;
-әлсіздік;
- шаршау;
-қан түкіру.

Осы белгілердің біреуі байқалса тез арада дәрігерге қаралып,қақырықты зерттеуге тапсыру қажет.

Туберкулез ауруының алдын алу шаралары қандай?
Туберкулез жұқпалы дерт болғандықтан, оны емдеуден гөрі алдын алу жеңілірек.
- Салауатты өмір салтын сақтау: тиімді тамақтану (тамаққа ет, сүт өнімдерін,балықты,дәнді-дақылдарды,көкеністер мен жемістерді жеткілікті мөлшерде қолдану).
- Үнемі дене шынықтырумен айналысу,жақсы демалу,жыл сайын флюрография арқылы тексерілу;
- Темекі шегуден,ішімдіктен,есіркілерден бас тарту;
- Жеке гигиена ережелерін сақтау: қолды, ыдысты тазартқыш құралдар мен ағын суды пайдалана отырып жуу, бөлме ішін дымқыл шүберекпен сүрту.

Салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану және жыл сайын медициналық алдын ала тексерілуден өту- туберкулезбен ауру қауіпін төмендету жолы!

13 марта 2020 ж. 146