DamuMed

«DamuMed» мобильді қосымшасы медициналық көмек алуды жеңілдетуге арналған құрал. Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану науқастардың денсаулық жағдайын мұқият бақылауға мүмкіндік береді.  Зерттеулер мен процедураларды өткізу нәтижелері туралы барлық ақпарат бірден электрондық медициналық картаға енгізіледі.Үйден шықпай-ақ, талон алып кезекке тұрмай-ақ аймақтық дәрігердің қабылдауына жазылуға болады. «DamuMed-тің» басты мақсаты медициналық қызметтерді барынша қолжетімді ету. Яғни, сіз өзіңіздің электронды денсаулық кітапшасыңызды ашып, ұсынылатын барлық қызмет түрін еркін пайдалана аласыз.      Қосымшаға тіркелудің жолдары оңай. Ең алдымен телефон нөмірі мен жеке сәйкестендіру нөмірін жазуға арналған жол пайда болады. Сол жерге алдымен телефон нөміріңізді, астына жеке сәйкестендіру нөміріңізді (ИИН) көрсетесіз. Қосымшаға кіре алмаған жағдайда телефон нөмірін қосу үшін ЖСН нөмірі бар жеке куәліктің фотосуретін түсіріп жібересіз. Ол жеке тұлғаны растап, ақпаратты басқа адамдардан қорғау үшін қажет. Кейін «Жалғастыру» тетігін басып, код нөмірі жазылған смс хабарламаны күтесіз. Хабарлама арқылы келген код нөмірін тіркеп, «Рұқсат ету» батырмасын басасыз. Ары қарай сізге медициналық қызметтер көрсетілген жеке парақшаңыз ашылады.

Damumed 
бұл кешенді медициналық ақпараттық жүйенің медициналық порталының ресми қосымшасы:                                                   
дәрігердің қабылдауына жазылу;
дәрігерді үйге шақыру;
қабылдауға өз жазбаларын қарау;
дәрігердің үйге шақыруларын көру;
дәрігердің қабылдауына жазылу туралы еске салады;

28 октября 2021 ж. 36