Жалпы тәжірибелі дәрігерлік бөлімше

№1 Жалпы тәжірибелі дәрігерлік бөлімшенің меңгерушісі – Қалдыбаева Шұғыла 
Аға мейірбике - ЕСЕМБАЕВА ГАЗИЗА БАКИТОВНА 
 
№2 Жалпы тәжірибелі дәрігерлік бөлімшенің меңгерушісі – Сембі Акбота Маратқызы 
Аға мейірбике – Омарова Қуаныш Калмахановна  Жоғарғы санатты мейірбике

№3 Жалпы тәжірибелі дәрігерлік бөлімшенің меңгерушісі – Раимова Феруза Куановна екінші санатты дәрігер
Аға мейірбике - Калменова Айдана Утепбергеновна бірінші санатты мейірбике

Жалпы тәжірибелік дәрігерлік бөлімшесі өз жұмысында Емхана туралы Ережелерді басшылыққа алады.

Жалпы тәжірибелік  дәрігерлік бөлімшенің негізгі міндеттері тіркелген халық тұрғындарына білікті медициналық көмек көрсету, халық денсаулығын жақсартуға арналған іс-шаралар жүргізу, жұмысқа уақытша қабілетсіздік пен мүгедектікке әкелетін аурулықтарды төмендету

Негізгі міндеттері:

1) уақытылы және сапалы нақтамалықты, аурудың алдын алу және білікті деңгейде  емдеуді, науқастарға кеңес көмек көрсетуді;
2) ерте кезде ауруларды анықтауды;
3) ауруханаға жоспарлы және шұғыл түрде жатқызуды;
4) тұрғындарды емдеу орындарына жатқызуды;
5) мақсатты медициналық тексерулерді сапалы түрде жүргізуді, олардың орындалуына  бақылау жасауды;
6) еңбекке уақытша қабілетсіздігіне сараптама жүргізуді, еңбекке уақытша қабілетсіздігі туралы анықтама мен сырқаттама қағазын дұрыс
беруге және ұзартуға бақылау жасауды, бөлімшенің еңбекке уақытша қабілетсіздігіне сараптама жұмысына талдау жасауды, дәрігерлердің еңбекке уақытша қабілетсіздігіне сараптама мәселелері жөнінен жүйелі түрде біліктілігін жоғарлатуды;
7)  жұқпалы аурулармен ауырған науқастарды уақытылы анықтап, белгіленген тәртіп бойынша ауруханаға жатқызуды, олар туралы санэпидемстанцияға хабардар етуді, қарым-қатынастарына бақылау жасауды, егу және тағы да басқа эпидемияға қарсы шаралар өткізуді;  8) халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізуді.
162