Акушер-гинекологиялық бөлімше

Бөлім меңгерушісі – АИМБЕТОВА МАУЕКУЛ КАШКИНБАЕВНА, екінші санатты дәрігер
Аға акушерка - БАЯДИЛОВА РАУШАН КАЙДЕРБЕКОВНА, жоғары санатты акушерка 

Акушерлік–гинекологиялық бөлімше әйелдерге, туу жасындағы әйелдерге  акушерлік–гинекологиялық көмек көрсетеді, гинекологиялық ауруларды емдеу, аурудың алдын алу, репродуктивті денсаулығын сақтау және отбасын жоспарлау бойынша қызметтер ұсынады.

Келесі медициналық қызмет түрлері көрсетіледі:
- физиологиялық жүктілік  және босанғаннан кейінгі кезеңді жүргізу;
- жаңа босанған әйел және жүктілерді патронаждау;
- отбасын жоспарлау мәселесі бойынша кеңес беру және қызмет көрсету;
-экстрагенитальді  ауруларын (ЭГА) ерте анықтау мақсатында әйелдерге профилактикалық тексеріс өткізу және ұйымдастыру;
- гинекологиялық науқастарды жүргізу;
- диспансерлік есептегі әйелдерді қадағалау және сауықтыру
- көрсетілімдері бойынша профильді бөлімшелерге жатқызу;
- емделушілерді ДМСК-ке іріктеу;
-уақытша еңбекке жарамсыздыққа сараптама жүргізу;
- санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу;

Мекемеде «Отбасын жоспарлау мектебі» жұмыс атқарады. Әйелдер ол жерден отбасын жоспарлау және босанғаннан кейінгі контрацепциялар, емшек арқылы тамақтандыру, жаңа туылған сәби мен ұрықтың дамуы, босанғаннан кейінгі кезең, қауіпсіз босану, тамақтану, жүктілік кезіндегі тексерістер, жүктілік барысындағы физиологиялық өзгерістер туралы ақпарат алады.  Барлық жүкті әйелдер психологтан кеңес алады.

Жүктілік бойынша есепке қашан және қалай тұру керек?

Сіздің отбасыңызда қуанышты жағдай болды ма - сіз сәби күтіп жүрсіз бе?  Осыған байланысты болашақ ананы көптеген: «Қалай дұрыс тамақтану керек?», «Күн тәртібін қалай сақтау қажет?», «Сәбиге не зиян келтіруі мүмкін?» және басты мәселе «Жүктілік бойынша қашан және қалай есепке тұрам?» деген  мәселелер мазалайды.

Қазіргі уақытта жүкті әйел қай жерде бақылануына болатынын таңдау орны бар. Ол мемлекеттік әйелдер консультациясы, перзентханалар және жеке меншік медициналық клиникалар. Бақылану орнын таңдау әйелдің талабына және оның материалдық мүмкіндігіне байланысты.

Қайда бақылануға болады?

Бақыланудың  алғашқы және ең көп тараған түрі- бұл мемлекеттік емхана, мұнда физиологиялық жүктіліктің бақылауы жүргізіледі.   Оның негізгісі үйіне жақын орналасқан  емхананың орны болып табылады. Белгілі бір қауіптің дамуы жағдайында емхананың акушер-гинеколог дәрігерлері мұндайда әйелді перзентхана жанындағы әйелдер консультациясына бақыланудың екінші кезеңіне ауыстырады.

Әдетте,  жүкті әйел тұратын ауданына жетекшілік ететін акушер-гинекологта бақыланады. Бірақ болашақ ана қандай да бір себептермен бұл дәрігерге есепке тұрғысы келмесе, онда ол әйелдің оны ауыстыруға толық құқығы бар.

Жүктілік бойынша өзі бұған дейін қай жерде емделіп, қай жерде әйелдер консультациясында  қаралған жері бойынша есепке тұруы қажет. Ол медициналық бақылаудың жалғастырушылығын (барлық анализдер, ауруын және өткен емдеулері есептеулі және амбулаторлық картасында құжатталған) сақтайды.  Басқа орынға есепке тұру үшін болашақ ананың бұдан бұрын бақыланған орнынан, әйелдер консультациясынан шығу туралы көшірмесін әкелуі қажет.  ҚР ДСМ бұйрығына сәйкес жүкті әйел нақты тұрып жатқан орны бойынша есепке тұрады.

Жеке меншік медициналық орталықта жүктілікті жүргізу және бақылау мүмкін.  Жүкті әйел клиниканы таңдай отырып, емдеуші дәрігерді таңдайды және заңды күші бар келісім-шарт бекітеді.  Шарттың құны көрсетілетін қызмет пен маманның біліктілігі, орталықтың деңгейіне байланысты және әр түрлі болуы мүмкін.  Алмастыру картасын беретін клиниканың лицензиясының бар екеніне ден қою қажет (онда жүктілік ағымы туралы барлық мәліметері белгіленеді).

Жүктілік бойынша есепке қай уақыттан бастап тұру қажет?

«Денсаулық сақтау жүйесі және халық денсаулығы туралы» ҚР кодексіне сәйкес
90- бап  жүкті әйел жүктіліктің 12- аптасына  дейінгі мерзімде медициналық есепке тұруға міндетті.

Консультацияға ерте келу ол жүктіліктің асқану мүмкіндігін емдеу және уақытылы айқындауға мүмкіндік береді және дені сау сәбидің туылуын қамтамасыз етеді.    Сонымен қатар есепке ерте тұру жүктіліктің және босанудың максимальді мерзімін  тура анықтауға мүмкіндік береді.
Барлық  анализдерді тапсырып және бірталай дәрігерлерге барып, одан барлық жасаған жұмысың бостан босқа кеткенін білу  өте өкінішті. 

Сондықтан  дәрігерге «берілудің» оңтайлы мерзімі – бұл 9-12 аптасы.

Жүктілік бойынша есепке қалай тұруға болады?

Әйелдер консультациясына алғаш келгенде дәрігер ауырған ауруларына көңіл бөледі, созылмалы аурулардың бар екенін, операция, аллергия және бұрынғы жүктілігінің ағымы туралы анмнезін жинайды.   Жүктілік бойынша есепке тұру кезінде неше түсік тастағаны және  жасанды түсік болғанын  жасырудың  қажеті  жоқ.

Жүктіліктің бақылану сапасы үшін кез келген дерек маңызды болып келеді.  Содан соң әйелдің бойы мен салмағын өлшеу жүргізіледі.  Ол бой мен салмақ көрсетікішін өлшеу үшін және барлық тоғыз айдағы қосқан салмағын анықтау үшін  қажет.  Содан соң дәрігер гинекологиялық тексеріс өткізеді, жүктілік мерзімін және жатырдың өлшемін, қосымша гинекологиялық  ауруларын анықтайды және қынаптан микрофлораға жағынды алады.

Алынған мәліметтер негізінде жүкті әйел  сол немесе қандай да бір қауіп тобына жатқызылады (ақауының бар екеніне байланысты) және жүктілік жүргізу жоспары құрылады.  Есепке алар кезінде акушер-гинеколог бірқатар қажетті анализдер мен мамандарға кеңес тағайындайды.   Әйелдер консультациясына алғаш келгенге дайындалып келген және өзіңізді ойландырған мәселелер тізімін құрғаныңыз жөн.

Босануға дайындық бойынша курстар неліктен қажет?

Әйелдердің белгілі пайызы, оларға дайындық керек емес деп шешеді.  Босануға дайындық курсына келетін әйелдер, олар ережедегідей өзінің келген себебін тура айтып жеткізеді.

Олардың ішіндегі себептерін атап өтсек: 
• «Босану деген не екенін түсінгім келеді, оған моральді және физикалы түрде дайындалғым келеді.
• көптеген заманауи ғасырдың әйелдері бұл мәселені өзі үшін шешіп қойған.   «Өзіме босануды қалай жеңілдетсем екен?» - деген. Сол сияқты мұнда мынандай сұрақтар да жатады: «Босану кезінде қалай тынысталу қажет?», « Қандай позаларды қолданған жөн?» және т.б.
• «Перзентхананы қалай таңдауға болады?»
• «Жаңа туылған нәрестені қалай күтеді?», «Онымен не ісеуге болады?», «Емшекпен жақсылап тамақтандырудың негізі қандай?», «Баланы емшекпен қалай дұрыс тамақтандыруға болады?»

Жұптар жиі келеді: күйеуі босанарда әйелін не күтіп тұрғанын білгісі келеді және босану процесіне қатысуға бола ма екенін шешу үшін келеді. Кейбір болашақ әкелер сұрақ жауаптарын дайындап келеді: «Босану кезінде әйеліме не көмек бере алам?»,  «Перзентханаға қай кезде апару керек.

Бұл ережедегідей, түбегейлі проблемалар айтылмайды. Бірақ олар бар! Курс барысында жаңа, жаңа  мәселелер  кездеседі. Заманауи әлеуметтік-тұрмыстық жағдай адампайда болған аралық бойынан соңғы 200-150 жылды есептемегенннен әлдеқайда өте жақсы. Бұрындары әрбір отбасында әйтеуір бір әйел адам (анасы, ағасының әйелдері) бала көтеретін және өсіп келе жатқан қыз баланың көзінше босанатын. Жиі босанатын –отбасы көпбалалы болатын және сәби өлімі жоғары болатын.   Міне, сондықтан да, әр әйел үшін жүктілік процесі және босану деген таныс еді, табиғи, түсінікті және өте таныс еді. Ал қазіргі уақытта заманауи қыздары босану дегеннің және жүктілік неше мерзімге созылатынын біле бермейді. Қазіргі заманның әйеліне босану үшін серіктес керек, оның түпкілікті гентикалық білімін көтеретін адам, оны босануға үйрететін өзін қалай ұстау керектігін және өзіне сенімін оятатын әрине, ақпараттық білімін толықтыратын адам іздейді. Осы рольді  жиі курс атқарады. Ол жерден босану деген не, олар қалай болатыны жайлы деректі фильмдер көрсетіледі және босанудан қорқудың қажеті жоқ. Оқудың практикалық жағы босану кезіндегі толғақ және тыныс алу тәжірибесіне жаттығу, ол толғақ кезінде дұрыс күшену және ауырсынуды жеңіл сезуге әкеп соқтырады.    Босану курсына дайындықта өзі сияқты жұпты кездестірген маңызды роль атқарады.  Әйел жүктілік кезінде өзін жалғыздықта сезінбес үшін осы курсқа келген басқа жүкті әйелдерді кездестіріп, әр түрлі мәселелерді қозғау арқылы өзінің мәселесін оңай шешеді.  

Біздің курстан алған білім арқылы жүкі әйел мен жұбайы өзін ата-ана болуға дайын екенін сезінеді.   Иә, бұл босануға дейінгі даярлықтың басты мақсаты да осы.   Біздің басты мәселеміз, босануға дейін және одан кейінгі нәрестенің денсаулығы бізге байланысты.     
Дайындық курсында жұбайының қолдауы арқылы жеңіл босануы және сол сияқты психотерапевттік тәжірибе мен тренингтің көмегі өте зор.

Алдыңғы үш айындағы жүктіліктің ағымы

Акушер-гинекологтар жүктіліктің барлық ағымын шартты үш бөлікке бөледі–триместры деп атайды.   Әрбір триместрдың өзінің ерекшелігі бар, анасына қалай болса, ұрыққа да дәл солай.

I-триместр

Бірінші триместр жүктіліктің 14 аптасына дейін бала біткен кезден бастап басталады. 

Бұл триместрда бала ұрыққа дейін  бластоцисттер сатысынан өтеді.  Ұрықтанған жұмыртқа клеткасы труба арқылы жатырға түседі және  2-3 апта ішінде жатыр қуысына енгізіле бастайды, ал 4- аптасында болашақ плацента келе-келе қалыптаса бастайды.  Бұл кезеңде ережедегідей олар жүкті екенін әлі білмейді. Солай болғандықтан анасының ағзамен тікелей байланысы болмағандықтан, ұрықтың өміріне ағаттық  әсер көрсетпейді.   Жүктілігі расталған сәттен бастап дұрыс өмір тәртібін ұстанған жөн: еңбек, демалу, тамақтану.

Бірте-бірте болашақ баланың барлық жүйесі мен мүшелері қалыптаса бастайды. 

Әйелдің ағзасында сары түстің функциясы жоғарылайды, ол жүктілікті қолдау үшін прогестерон гормонын өндіреді.  Сондықтан жүктіліктің алғашқы белгілері пайда бола бастайды: емшек безінің ұлғаюы және ауырсынуы, зәр шығаруының жиіленуі, қынаптан бөліндінің көбеюі, құсқысы келуі, емшектің ұшының және ішінің ортаңғы сызығының біртіндеп пигментациялануы.   Прогрестеронның ыстық көтеретін өзіндік ерекшелігіне байланысты қалтырауы да мүмкін.

Ерте болған токсикоз жүкті әйел үшін зиянды емес, деп ойлайтын бұрындары. Барлығынан жиірек қалыптасып жатқан ұрықтың ағзасының факторынан пайда болады (алкоголь, никотин, парфюмериялардың иісі, бояғыш, бензин, дәрілік заттар, қуырылған). Бірақ бұл дегенің тамақтан мүлдем бас тарту деген сөз емес.

Жүкті әйелдің ағзасы үшін  ауыр  ерте токсикоздың түрі, егер күніне 40-50 рет құсқысы келу ұстамасы болса қауіпті.  Бұл ретте ақуыз және дәрумендер, пайдалы микроэлементтердің көп санын жоғалтады.

Ұсыныстар
Көбірек ішу керек. Бірінші триместрде бұл міндетті түрде. Таңертеңді жарты стақан қайнатылған судан бастау қажет. Тегі кептірілген жеміс-жидектерді қантсыз қайнатып немесе кәдімгі дистилденген суды ішкен жақсы.  Токсикоз кезінде үйден кептірілген нан (оларды мұз кампит сияқты сору керек) және қақ жақсы көмектеседі.    Бал қосылған су да және алма сірке суы мен лимон тамшысы бар су да көмектеседі.   
Егер осы ұсыныстар көмектеспеген жағдайда акушер-гинеколог дәрігеріне жүгініп, ол бауырдың функциясын ынталандыруға препараттар қосылған сұйықтық құяды.

Прогрестерон әсерінің салдарынан пигментті алмасу өзгереді және тер бөлінуі ұлғаюы мүмкін. Сондықтан күннің көзінен аулақ болыңыз, бірақ «таза ауаға» жиі шығуға тырысыңыз (таңертең немесе кешкі уақытта). Ультракүлгін сәулелер сіздің теріңізге қатерлі зияндық тигізуі және шашыңыздың сынғақтық және ұштарының шайырлануына әкеп соғуы мүмкін.  Жүктілік кезінде пигменттік алмасудың өзгеру себебіне байланысты маңызды косметикалық шаралармен айналысуға болмайды. Оны босанудан кейінгі кезеңге қалдыру қажет.  Өз көңіл-күйіңіздің нашарлағанын өзіңіздің дәрігерге айтыңыз.   Атап айтқанда, бірінші триместр ең жауапты және жүктіліктің шешуші кезеңі болып табылады.  Алғашқы аптасында жүктілікті сақтау немесе сақтамау, ал егер сақтаса оның қаншалықты сапалы болуы шешіледі.

II-триместр

Екінші  триместр (14-тен 28 аптаға дейін) нәрестенің өзгерісі үшін маңыздылығы көп  және анасы үшін жеңіл ағымдылығымен ерекшеленеді.  14  апталығында ұрық толығымен қалыптасқан. Енді оның өсуі ол оның анасының ағзасынан тыс өмірге дайындалуы деген сөз.

Бұл кезең үшін мыналар сипатты болып келеді:
Біріншіден, 15-16 аптасындағы жүктілікте плацента қызмет атқара бастайды.  Плацента — бірегей орган, ол жүрек-қантамыры және тыныс және тыныс алу жүйесі функцияларын өзіне байланыстырады, сонымен қатар тосқауылдық және гормональді функциясын орындайды.  Осыған қарамастан, плацента нағыз әлсіз орган болып келеді.Егер жүкті әйелдің ағзасында қандайда бір «өзгешелік» байқалса, созылмалы аурулардың асқынуы созылмалы жұқпалардың, жіті жұқпалы аурулардың пайда болуы немесе жүктілікті үзу қауіпінің ұзақтығын инфекциялық емес этиологиясының пайда болуы-бірінші кезете плаценттің тамырлары зардап шегеді, олар тартыла бастайды, содан соң пішінін өзгертеді   және қосымша өсе бастайды. Осының салдарынан өсіп келе жатқан нәрестеге қоректендіргіш заттар мен оттегінің келуі азаяды, плацента-ұрық жүйесінің жетіспеушілігі туындайды.  Ол оттегінің жетіспеушлігін сезіне бастайды, ал содан соң ұрық дамуының кедергісі дамиды. Мұндай жағдайды  фето-плацентарлы жетіспеушілік (ФПЖ)  деп атайды ол міндетті емдеуді талап етеді.  Ананың өзі активизациясы бойынша фето-плацентарлы жетіспеушілік белгісін бақылай алады немесе ұрықтың қозғалуының азаюын және баланың жүрек қағысының жиіленуі минутына -160 немесе 120 рет соғуына қарап бақылайды.    Күдіктің пайда болуын сезгеннен бастап учаскелік акушер-гинекологыңызға айту қажет, ол допплерометрлік және ультрадыбыстық зерттеумен қоса, қосымша тексерістер тағайындайды.

Екіншіден, құрсақ ішіндегі баланың өмір сүру ортасында  околоплодты судың мөлшерінің өсуі пайда болады.  Су амортизатордың ролін атқарады, ол ұрықты жарақаттан және зақымдаудан сақтайды, сонымен қатар температураны реттейді.   Олар қалыпты қалпында ақшыл және түссіз келеді.  Әр бір 4 сағат сайын олар жаңарып отырады, ал апта ішінде околоплодты сулар толық жаңарып отырады.
Үшіншіден,  жүктілер ұрықтың қозғалысын сезіне бастайды. Ережедегідей, бірінші рет босанатындарда бұл 20 апта мерзімінде болады, ал екінші рет босанатындарда 18 аптада пайда болады.  Дегенмен, қазір бірінші рет қозғалуды ерте сезіну тенденциясы бар және ол құрсақ іші акселерациясына байланысты. Жүкті әйелдің ширақ күніне 10-15 рет қозғалысы болу керек. 
Сонымен қоса, балада сору рефлексі жетіледі. Нәресте өзімен –өзі ойнап, айналасын су қорғап тұрса да саусағын сорады, біресе околоплодный суын артық жұтып алуы мүмкін және бұл артықшылықты қайтадан ықылық арқылы шығарады.   Ықылықты әрбір әйел ішінің ішінде бірқалыпты жеңіл соққыларды сезінеді.  
20-дан 28 аптаға дейінгі мерзімде баланың  сезу органы «қосыла» бастайды.  
ал 20 аптада нәресте түксию, көзін сығырайту, ұртын бұртыйту,сезе алуды бастайды, ал 24 аптасында сіздің даусыңыз бен музыканы ести алады.   Ұнаған әуендер оған белгілі қозғалыстарды шақырады, ал кенеттен шыққан дауыстардан бала қалтырайды.  
28- аптада балада дәм сезу тілұшы ашы және тұзды, тәттіні айыра алады.  28 аптада баланың көзі ашылады және енді ол көре алады, сол сияқты айқын көре біледі.  

Осыны ескере отырып, II -триместрде белсенді өмір сүру нұсқалады, бұл ретте күндіз демалу нұсқалады.  Мүмкіндігінше театрларға барыңыз, романтикалық және классикалық  әдебиеттер  оқыңыз, жағымды, тыныш  әуендер тыңдаңыз,  фортепиано үйреніңіз немесе ойнаңыз, ермексаздан немесе қамырдан пішіндерді, суреттер салыңыз.  Бір сөзбен айтқанда, шығармашылықпен көбірек айналысыңыз, сонда балаңыз құрсақ ішінде сіздің көңіліңіз бен күтіміңізді сезеді, осындай шығармашылық жаттығулар ол баланың қабілеттілігін арттырады.     
Баланың болашақ тәртібі туралы ойланыңыз. Әрине, құрсақ ішіндегі ұрықтың өз ұйықтау және ояу  ритмі болады.   Кейде бала сіздің ұйқыңыз келгенде белсенді қозғалуы мүмкін.   Әйткенмен, баланың түңгі ұйқысының тәртібі сіздің негізгі ұйқыңызға байланысты.  Сондықтан түн ортасына дейін жүріп алмай, сағат 10-11-ден кеш емес уақытта жатуға тырысыңыз. Сонда жаңа туылған сәбидің түнгі ұйқысы бірқалыпты болу мүмкіндігі едәуір жоғары болады.

Бір жағыңызбен жатуға тырысыңыз, арқаңызбен емес, солай болғандықтан өсіп келе жатқан жатыр ірі тамырларды басып қалуы мүмкін. Алдын ала бір жаққа аударылып барып, қолыңызбен демеп жіберу арқылы  асықпай тұрыңыз.  Тез арада тұрам деп сіз бас айналу және ірі тамырлар бойынша төмен қарай қанның тез жылыстауының себебінен әлсіздікті сезінуіңіз мүмкін. 

Екінші триместр кезінің басынан босануға дайындық курсына баруыңызға болады, ол жерде сіз алдын ала күтіп тұрған босану және жүктілікке қатысты барлық мәселелерді шешесіз, сонымен қатар өз ағзаңызды тыныс гимнастикалары мен жүктілерге арналған арнайы жаттығуларды физикалық жолмен қолдану арқылы дайындаласыз.   

Нақ осы триместрда микроэлементтердің жетіспеушілігін мүмкін болса жою қажет.

III-триместр

28 апта мерзімінен бастап босанғанға дейін алдағы босануға байланысты қорқыныш пайда болады.  Онымен қалай күресуге болады және өзіңді жүктіліктің соңғы аптасына дейін ойдағыдай қалай жетуге болады? Кәне, осы сұраққа жауап іздеп көрейік.   

III- триместр проблемалары мынаған байланысты, негізінен жатырдың өсуінің жалғасуы мен ұлғаюында, сонымен қатар тым атрық салмақтың өсуінде. Мұнда жүкті әйелдің  салмағы неліктен өсетінін белгілеу қажет. 30% дейін  нәресте береді; қан және сұйықтық та 30% дейін береді; ұлғайған жатыр, емшек, жамбас және аяқтар  -20% дейін және околоплодты суға және плацентаға да  10% кетеді.

Жатырдың ұлғайған белгілері қайтадан лоқсу және жүрек қыжылы, қиын демалу және жүрек қағысының жиіленуі, шамалы жүктемелік салмақтың түсуі белді және омыртқаға салмақ түсіру болып табылады.

Бұл мәселемен болашақ ананың өзі де күресе алады. Яғни күніне 2-3 рет арнаулы демалу жаттығуларын өзі жасай алады және қосымша арнайы буынға арналған созылу гимнастикасын жасайды, тамақ және дұрыс диета ұстануы қажет және таза ауада серуендеу нұсқалады.
Декретке  ДД (декреттік демалыс) 30 аптада шығару тегіннен емес, бұл мерзімде жүкті әйелдің ағзасына көп жұмыс істеуге болмайды.  Егер сіздің жұмысыңыз отырып істеумен байланысты болса, онда сіз жұмыс орнында өзіңізге ыңғай тудырыңыз, яғни бірнеше минуттық гимнастикаға уақытыңызды бөліңіз.    Бұл арқа үшін шалқайған күйде бірнеше минут отыру және аяқ астына қоятын тіреу қажет, ол тамырдағы қанды жылыстыру үшін қажет.
Демек, үдемелі варикозы бар және алғаш рет жүктілік кезінде пайда болуы бұл жүкті әйелдер үшін бірқалыпты жағдай. Варикоз аурын болдырмау үшін барлық әйелдерге денесімен тығыз жабысқан киім киюге және тар аяқ киім киюге болмайды, отырумен байланысты жұмыс болса, аяқ астына тіреу қою, аяғыңды аяғыңның үстіне шығарып отырма, ұйықтап жатқанда аяғыңды кішкене көтеріңкі позада ұйықта, күніне 8-10 рет отырып, тұрып жаттығу істе, душтан кейін суық сумен аяғыңды шай және тұрған күйде аяқ жаттығуын жиі істе.

Әйтседе, варикоз ауруының алғашқы белгілері пайда болған кезде: мәселен, аяқта тітіркенушілік және ауырлық сезім, кешке қарай аяқтың ісінуі пайда болса, онда өзіңіздің учаскелік акушер-гинекологқа немесе сосудистый хирургқа жүгінгеніңіз жөн.

Тағы бір «соққы» жүкті әйелдің ішінің қатып қалуы, яғни үлкен дәреті. Олар жүктілік кезіндегі  ішек перистальтикасы азаюына және гормональді өзгеріске байланысты ішек микрофлорасының бұзылысына байланысты.  Сондықтан аз аздан, бірақ жиі-жиі тамақтану қажет, диетаны ұстану, жеміс-жидектерді көбірек жеу, сорпа ішу және қуырылғанды, ашы, тұзды және консервалық заттарды  алып тастау.  Іш қату кезінде «Форлакс» көмектеседі, оларды курстық мөлшерде-1-2 стақан бойынша таңғы ас немесе түскі тамақ кезінде10-14 күн бойы ішу қажет.  Ішіңізге газ толған кезде «качалка» деген жаттығу көмектеседі, оны арқаға жатып екі қолыңмен екі тізеңді бүккен күйде жоғары және төмен шайқалу арқылы істеледі.

Жүкті әйелдерге іші мен санына тартпа пайда болуы жиі қорқыныш тудырады. Ол үшін ішіңіздің терісін  арнайы крем немесе оливковый маймен алдын ала сылуыңыз қажет, осы аудандарға жеңіл массаж жаса, ішіңді сағаттың тілімен жайлап шеңберді үлкеннен диаметрін кішірейтуге дейін кіндікке бағыттап, ал саныңызды төменнен жоғары қарай сипалауыңыз қажет.     Ал егер тартпалар денеңізде пайда болса, онда бандаж кию нұсқалады.  

Жүрек қыжылының пайда болуын қақтан пісірілген сусын, аз лимон тамызылған су, 5-6 піспеген геркулес дәнін шайнау арқылы жеңілдетуге болады. Қыжыл кезінде аз порциямен тамақтану керек.

III- триместрда ұйқысының бұзылуы ол қалыпты жағдай, одан шошудың қажеті жоқ. Егер сіз нашар ұйықтап жүрсеңіз, онда бір жағыңызбен жатыңыз және релаксация үшін жаттығулар жасаңыз, жатқанда бір аяғыңызды сәл бүгіп, аяқ астына жастық салыңыз. 
III-триместрде нәрестеге не болып жатыр?

Біріншіден, 28 аптадан бастап ең маңыздысы, ми қабығы жұмыс істей бастайды, ол бала ағзасындағы бүкіл процесті реттейді, ақыл-ойы «қосылады», терморегуляцияға және басқасына да жауап береді. 36- аптада мидың қабығы толығымен қалыптасқан және енді бала анасынсыз өмір сүруге дайын.

Екіншіден,  III- триместрде, әсіресе 36 аптада өкпесіндегі  сурфактант заты өзінің қалыптасуын тоқтатады, ол баланы сыртта жеңіл демалуын айқындайды. Нақ осы заттың арқасында өкпесіндегі ауа көбіршіктері туылған сәбидің бірінші рет демалуында төгіледі, осылайша өкпе ауруының дамуына кедергі жасайды.  

36 аптада нәрестенің аяқ-қолында нәзік тырнақтар өседі, ал ұл балада жұмыртқалары анық көрінеді, ал 39-40 аптада баланың ішегінде қара түсті  субстанция — мекония, алғашқы нәжіс жиналады.

Босануға 3-4 апта қалғанда жаршы белгісі, яғни толғақ пайда болады: басының жамбасқа төмен түсуі, оны іштің формасына қарап өзіңіз де байқайсыз, демалысыңыз жеңілдейді, зәр шығаруыңыз да жиі-жиі, бірақ аз мөлшерде болады, жаршы кезінде толғақ та жиілейді, ол тәлігіне 10-12 рет болады.Оның басты айырмасын оның жүйеллі еместігінен байқауға болады.   Ал босануға жақындағанда сілемейлі пробкасы түседі-түссіз, созылмалы субстанция, ол қанның араласуымен қызғылт болуы мүмкін.

Енді босануға тым жақын уақыт қалған соң максимальді дайындық қажет: перзентханаға барғанда сізге керек нәрселерді сөмкеге жинау, әрине психологиялық дайындық керек.Алдыңғы болатын босануға қорқынышыңыз аз болса, онда сіз де, сіздің балаңыз да аман-есен боласыз.

Қорқыныштың жоқтығы көптеген факторлармен түсіндіріледі:
• үш кезеңде де  сізбен және сіздің балаңызбен не болатыны жайлы біліміңіздің болуы;
• босануда дұрыс тынысты қолдана білу;
• ағзаны босануға физикалық дайындау;
• босану кезіндегі партнер анасы, жолдасы немесе құрбысының көмегі;
• конкретті медперсоналға сенім дәрежесі, таңдалған перзентхананың сәйкестігі және дәрігерге талаптың сәйкестігі.

Босану мен дәрігерді таңдауды алдын ала ойластырған жөн, отбасы кеңесінде өзіңе жақын адамдармен ақылдасу, қаланың барлық перзентханаларын аралап танысу. Қазір қаланың барлық перзентханаларында шаруашылық есептесу бөлімі бар, олар босануға келген партнерлермен бірге қарастырылады.  Перзентханамен тікелей және түбегейлі келісім 36 аптада болады, ол кезде жүктілік дұрыс жетілген деп саналады.  

Қалған қорқыныш факторларына қатысты мәселелерді, сіз босануға даярлық курсында қарастыра аласыз.
91