Регистратура

8 (7222) 52-17-27
8 (7222) 52-34-10

Телефон доверия

8 (7222) 52-10-25

«Диагноз» бағдарламасы

17.03.2025

Семей қаласының №1 емханасының инфекционист дәрігері Манар Сальменбаева 11.03.2025ж «Диагноз » бағдарламасында «Балалардағы энтеровирусты инфекция» тақырыбына сұхбат берді.
Энтеровирустық инфекция — Enterovirus тұқымдастығының қоздырғыштары, яғни энтеровирустың әр түрлі өкілдері қоздыратын вирустық этиологиялы, ас қорыту және ішек жолдарын зақымдайтын жедел жұқпалы аурулары тобы.
Инфекцияның негізгі таралу жолдары:
• нәжіс-ауыз (гигиена төмен деңгейде болғанда);
• байланыс-тұрмыстық (ластанған заттар арқылы);
• ауа арқылы (егер вирус тыныс алу мүшелерінде болса);
• вертикальды (жұқтырған жүкті әйелден балаға);
• су (ластанған су айдындарында суға түскенде және ағынды сулармен өсімдіктерді суару кезінде).
Энтеровирустық инфекцияның белгілері
Балалар мен ересектердегі энтеровирустық инфекцияның ең типтік клиникалық белгілері:
• жалпы интоксикация белгілері;
• гипертермия (жалпы дене температурасының жоғарылауы);
• катаральды белгілер (көмей мен жұтқыншақтың шырышты қабығының қабынуы);
• абдоминальды белгілер (іштің ауыруы, ас қорыту);
• тері бөртпелері (полиморфты экзантема).
Энтеровирусты инфекцияның катаральды түрінің белгілері:
• мұрыннан су ағу;
• жөтел (құрғақ және сирек);
• тамақтың шырышты қабығының гиперемиясы;
• жалпы интоксикацияның орташа белгілері;
• тері бөртпелері (әрдайым емес);
• асқазан ауруы
• температураның жоғарылауы;
• жалпы әлсіздік және шаршаудың жоғарылауы;
• тәбеттің нашарлауы немесе болмауы;
• ішекте газ түзілуінің жоғарылауы;
• сулы диарея (тәулігіне 10 ретке дейін);
• жүрек айну;
• құсу.
Энтеровирусты инфекциялардың алдын алу:
Өзіңізді және жақындарыңызды аурудан сақтау үшін:
• әжетханаға бара алдында және кейін қол жуу қажет;
• тек бөтелкедегі немесе қайнатылған су ішу;
• жемістер мен көкөністерді қолданар алдында мұқият жуу;
• ашық су қоймаларындағы, арықтағы суды ішуге, тамақ дайындауға және ыдыс жууға пайдаланбау;
• пісірілген тағамды ашық қалдырмау, тез бұзылатын тағамның сақтау мерзімін қатаң қадағалау;
• шомылу кезінде өзен суын жұтудан аулақ болу;
• егер ауру белгілері пайда болса, міндетті түрде дәрігеріңізбен кеңесу.
Есіңізде болсын: осы қарапайым ережелерді сақтау сізді энтеровирустық инфекциялардан және олардың салдарларынан сақтай алады.