Регистратура

8 (7222) 52-17-27
8 (7222) 52-34-10

Телефон доверия

8 (7222) 52-10-25

Жүктілікке ерте тіркелу

24.05.2024

Жүктіліктің 6-10 апта аралығында, ұрықтың жүрек соғысы пайда болғаннан кейін жүктілік бойынша тіркелу қажет. Себебі, жас ананың денсаулығында қандай да бір патология бар жоғын анықтап, дер кезінде емдеп, асқынуының алдын алуға, ұрықтың ақауларының бар жоғын анықтауға көмектеседі. Сонымен қатар, ана мен баланың денсаулығын анықтауға көмектесетін қажетті инструментальді зерттеулер мен клиникалық талдаулар уақытында жасалады. Жүктілікке ерте тіркелу баланың сау дамуына және ананың денсаулығын сақтауға көмектеседі.