Регистратура

8 (7222) 52-17-27
8 (7222) 52-34-10

Телефон доверия

8 (7222) 52-10-25

Семей қаласының №1 емханасының инфекционист дәрігері Манар Сальменбаева 19.04.2024ж «Диагноз» бағдарламасында Вирусты гепатит «А» тақырыбына сұхбат берді

22.04.2024

Вирусты гепатит «А», дүние жүзінде кең тараған инфекциялардың бірі. Сырқат көбінесе балалар арасында тарайды. Ересектер арасында көбінесес 15-29 жастағылар ауырады. ВГА жедел циклдық түрде өтетін қысқа уақытта интоксикациямен бауыр әркеттерінің бұзылу байқалатын фекальді – оральді жолмен тарайтын вирусты инфекция. Балалар инфекциясы болып есептелінеді, ауырғандардың ішінде балалар 80%-ға жетеді. Семей аймағында сырқаттану көрсеткіші 100 мың халыққа 200-400 аралығында.
Клиникасы:
Инкубациялық кезең -2-7 апта, орташа 28 күн. Алғашқы симптомдар гастроэнтерит және тыныс жолдарының инфекцияларына ұқсас.
Әлсіздік, түшкіру, құсу, қызба, гепатомегалия (бауыр ісінуі), сарғайғандық, анорексия, бөртпе. Сарғайғандық байқалғанда –нәжіс ақшыл, зәр қоңыр болады. Иммунитет тұрақты қалыптасады.Гуморальді иммунитет.
Емі
Ауырлығына байланысты жүргізіледі. Жеңіл түрлерінде үйде, егер эпидемиологиялық қауіптілігі болмаса. Орташа ауыр және ауыр түрлерінде ауруханада емделуі тиіс. Емі комплекті түрде:
1. режим;
2. диета №5;
3. патогенетикалық ем (дезинтоксикация);
4. клиникалық белгілеріне байланысты ем.
Этиотропты емі жоқ. Клиникалық сауығу кезінде биохимиялық көрсеткіштерінің қалыпты жағдайда ауруханадан шығарылады.
Алдын алуы.
Жергілікті санитарлық – гигиеналық жағдайларды жақсартуға бағытталған шаралар жүргізілуі керек. Ең тиімді әдіс вакцинация.
Вакцинация тиімді әсер береді. 1 рет бұлшық етке салған кезде 90-100% тиімділікті көрсетеді, ал 6-12 айдан кейін қайталап салынған вакцина ұзақ уақыт 100%-ға дейін тиімді болып саналады. Орташа 10 жылға тиімді.