Тіркеу бөлімі

8 (7222) 52-17-27
8 (7222) 52-34-10

Сенім телефоны

8 (7222) 52-10-25

Денсаулық сақтау министрлігі маусымдық белсенділік кезеңінде қарақұрт шағуның қаупітілігін ескертті

06.08.2024

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өрмекшілердің маусымдық белсенділігіне байланысты (шілдеден қыркүйекке дейін) қарақұрт шағуының алдын алу шараларын еске салады.

Қарақұрттардың және басқа да улы өрмекшілердің шағуын болдырмау үшін келесі 5 ережені сақтауды ұсынамыз:

— Қорғаныс киімін киіңіз: қарақұрт мекендейтін жерлерде ұзын шалбар мен жабық аяқ киім (жануарларды ұстау орындары және т.б.).
— Киім мен аяқ киімді киер алдында, әсіресе сыртта болғаннан кейін тексеріңіз.
— Қорғаныс құралдарын (инсектицидтер) қолданыңыз.
— Тазалықты сақтаңыз: қоқыстарды уақтылы тазалаңыз, учаскені және қосалқы ғимараттарды үнемі тексеріп отырыңыз.
— Байланыстан аулақ болыңыз: өрмекшіні қолыңызбен ұстамаңыз.

Қарақұрт тістегеннен кейінгі тән белгілер: қарақұрт тістегеннен кейін 10-15 минуттан кейін бүкіл денеге таралатын қатты, айқын ауырсыну пайда болады. Интоксикация белгілері жоғарылайды: жүрек соғысы, ентігу, бас ауруы, жүрек айну, құсу, беттің қызаруы, тершеңдік.

Қарақұрт шағып алған жағдайда дереу жақын жердегі медициналық ұйымға медициналық көмекке жүгіну қажет.

Бүгінгі таңда адамдарды қарақұрттың шағуы жағдайлары Шымкент қаласында және Атырау облысында тіркелген, шағып алған адамдар тиісті медициналық көмекті алды. Жергілікті атқарушы органдар профилактикалық дезинсекцияны ұйымдастыру және жүргізу жөнінде шаралар қабылдауда.