Тіркеу бөлімі

8 (7222) 52-17-27
8 (7222) 52-34-10

Сенім телефоны

8 (7222) 52-10-25

Тарих

Семей қаласының № 1 емханасы 2008 жылы Амбулаториялық клиникалық көмек орталығын, Жедел медициналық көмек ауруханасын және № 1 отбасылық дәрігерлік амбулаторияны біріктіру жолымен ұйымдастырылған.

Емхана ғимараты 1977 жылы пайдалануға берілген.

Емхана «Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының, Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік медициналық колледжінің оқу-клиникалық базасы болып табылады.

Негізгі қызмет түрі — халыққа сапалы әлеуметтік бағдарланған алғашқы медициналық-санитарлық және мамандандырылған көмек көрсету.

Қызметкерлердің саны, жоғары, бірінші, екінші біліктілік санаттары бар 89 дәрігер мен 194 орта медицина қызметкерін құрайды.

Қызмет көрсетілетін халық саны — 37694 адам

— оның ішінде 0-ден 14 жасқа дейінгі балалар — 7353

— жасөспірімдер — 2751

— ересектер – 27590

— бала туу жасындағы әйелдер – 9211

№ 1 емханада денсаулық сақтау жүйесінің инновациялық бағдарламалары іске асырылуда:

—  Балалық шақтағы ауруларды кешенді басқару

— Қауіпсіз ана болу

— Тексерілді және мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес деп танылды:

Медициналық қызметке 06.08.2014 жылғы № 002391DF мемлекеттік лицензия қосымшаларымен

13.02.2024 жылы біздің кәсіпорын — «Семей қаласының № 1 емханасы» ШЖҚ КМК қызметін аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін сыртқы кешенді бағалау негізінде аккредиттеу туралы куәлік алды.

Медициналық ұйым үшін аккредиттеу — бұл медициналық ұйымның халыққа уақтылы және сапалы медициналық қызмет көрсету, денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды сақтау, медицина қызметкерлерінің бірыңғай біліктілік талаптарына сәйкестігі үшін барлық жағдайлары бар екенін ресми мойындау. Айта кету керек, емхананың барлық құрылымдық бөлімшелерінің мамандары алдын ала оқытылып, қайта даярланды және емхананың қызметіне өзіндік бағалау жүргізілді. Бұл жетістік біздің емхананың бүкіл ұжымының үйлесімді жұмысының,сондай-ақ халқымыздың денсаулығын нығайтуға деген нәтижесі болып табылады! Семей қаласындағы №1 емхана ұжымына « Сіздің денсаулығыңызға қызмет етеміз!» Миссиясын ұстануды тілейміз!

№1 емхана Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 жылғы «Елдегі ең үздік емхана» байқауының жеңімпазы.