Тіркеу бөлімі

8 (7222) 52-17-27
8 (7222) 52-34-10

Сенім телефоны

8 (7222) 52-10-25

Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 58-бабына сәйкес АО ДСБ «Семей қаласының № 1 емханасы» ШЖҚ КМК-да пациентті қолдау қызметі құрылды.

ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ функциясына медициналық көмек көрсету тәртібін бұзу фактілерін анықтау жатады.

Осыған байланысты, егер сіз:

Медициналық көмек көрсету сапасына наразылық білдірсеңіз;

Аурухананың медицина қызметкерлері тарапынан дөрекі қарым-қатынасқа тап болсаңыз;

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін, медицина персоналының ақша қаражатын бопсалау фактілеріне тап болсаңыз;

Сондай-ақ, медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына қатысты басқа мәселелерге тап болсаңыз, -№ 322 кабинет-

ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІІНЕ хабарласуға құқығыңыз бар.

Сізге ыңғайлы болу үшін, Сіз өз өтінішіңізді емханадағы тіркеу орнында орналасқан өтініш Жәшігінде, Сіздің атыңызды, тегіңізді және байланыс деректеріңізді (мекенжайын, телефонын) көрсете отырып қалдыра аласыз, сондай-ақ біздің сайтқа www.emhana1.kz instagram және facebook-қа жүгіне аласыз.

ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ Сіздің өтінішіңізді мүмкіндігінше қысқа мерзімде қарайды және  сіздің өтінішіңізді қарау нәтижелері бойынша ақпарат береді.

ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІНЕ

Сіз мына телефондармен хабарласа аласыз ️ 8 (7222) 52-10-25.

8 707 052 10 25 (ватсап)

Біздің ұйым көрсететін медициналық көмектің сапасын арттыруға көмектесетін өтініштеріңіз, тілектеріңіз бен пікірлеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз.

ҚҰРМЕТПЕН, ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ