Тіркеу бөлімі

8 (7222) 52-17-27
8 (7222) 52-34-10

Сенім телефоны

8 (7222) 52-10-25

Стационарзамещающее отделение

Күндізгі стационар бөлімінің Аға дәрігері — Раушан Аяновна Дюсенбаева

Күндізгі стационар бөлімінің Аға медбикесі — Гульжан Зейноллаевна Мухаметкалиева

5 медбике, 3 дәрігер, жұмыс істейді.

  • Айгерим Нурлановна Жаксыбаева — терапевт
  • Жибек Сайлаубаевна Рахимова — терапевт
  • Қаламкас Базарбайқызы Бейсенбаева — жоғары санаттағы күндізгі стационар медбикесі
  • Нуршат Гизатовна Исембаева — жоғары санаттағы күндізгі стационар медбикесі
  • Бақытнұр Ерланқызы Сарбасова — күндізгі стационар медбикесі
  • Салтанат Токановна Курмангалиева — бірінші санаттағы күндізгі стационар медбикесі.

 

Семей қаласындағы № 1 емхананың күндізгі стационары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың мемлекеттік бағдарламалары және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тіркелген халыққа стационарды алмастыратын көмек көрсету үшін, тәулік бойы бақылауды талап етпейтін созылмалы аурулары бар пациенттерді емдеуге жатқызу үшін, сондай-ақ тәулік бойы стационарлық емдеуден кейін консервативті емдеуді жалғастыру үшін ұйымдастырылған.

Күндізгі стационарға пациенттерді сұрыптап және жіберуді учаскелік терапевттер, ЖТД және мамандандырылған емхана мамандары жүзеге асырады. Күндізгі стационарда емдеуге қарсы көрсеткіштер жұқпалы аурулар болып табылады.

Дәрігер мен медбике салауатты өмір салтын үнемі насихаттайды. Дәрілік препараттар тек клиникалық диагностика және емдеу хаттамаларына сәйкес тағайындалады

КҮНДІЗГІ СТАЦИОНАР ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҚСАТЫ ЕМХАНАНЫҢ МИССИЯСЫН ОРЫНДАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН:

  • Тіркелген халықтың денсаулығын сақтау және нығайту
  • Медициналық көмек көрсету сапасын арттыру
  • Пациенттердің қадір-қасиеті мен өмірлік қағидаттарын құрметтеу
  • Әрбір пациентке жеке көзқарас

Бөлім барлық қажетті жабдықтармен, оның ішінде кондиционерлермен, ыңғайлы кресло-кушеткалармен жабдықталған. Палаталар пациенттерге жайлы болуы үшін 3 сегментке бөлінген.

Артериялық гипертония, гипертензиялық энцефалопатия, дисциркуляторлық энцефалопатия, жіті бронхит, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, остеохондроз, остеоартроз, ревматоидты артрит, қант диабеті, созылмалы панкреатит. Стационарды алмастыратын бөлімде пациенттер тек дәрі-дәрмекпен ғана емес, сондай-ақ өз аурулары туралы ақпарат алады, денсаулық мектептеріне, физиотерапияға, ЕДШ-ға, небулайзердің көмегімен емделуге және одан әрі бақылау мен сауықтыру бойынша ұсынымдар алады. Барлық пациенттер денсаулығының жақсаруымен шығарылады.