Тіркеу бөлімі

8 (7222) 52-17-27
8 (7222) 52-34-10

Сенім телефоны

8 (7222) 52-10-25

МӘМС бойынша топ 5 жиі қойылатын сұрақтар

04.06.2024

 

🔹️МӘМС-ке қате төленген соманы басқа кезеңдерге қайта бөлуге бола ма?

👉 МӘМС-ке төленген төлемдерді басқа кезеңдерге қайта бөлуге болмайды, тек кері қайтара аласыз. Кейін керек кезең үшін төлем жасауға болады.

🔹️Мен студентпін, МӘМС-ке төлем жасауым қажет пе?

👉 Күндізгі оқу бөлімінің студенттері МӘМС-ке жарна төлемейді, себебі жеңілдік санатына кіреді. Сондай-ақ жұмыс берушілер күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттер үшін МӘМС-ке аударымдар жасаудан босатылған.

🔹️Мұғалімнің шаруа қожалығы болса, МӘМС-ке төлемді қалай жүргізеді?

👉 Салық заңнамасына сәйкес шаруа қожалығы қандай да бір басқа нысанда рәсімделмеген болса, ол ЖК ретінде қарастырылады. Егер ЖК қызметін тоқтатпаған болса, ол өзі үшін 1,4 ЕТЖ-ның 5 % төлейді.

Осы ретте негізгі жұмысында да жарналар төлеп, мұғалім қызметкері үшін аударымдар жасауы керек. Яғни барлық кіріс көздерінен төлем жүргізіледі.

🔹️ Мен мерзімдік қызметімді өтеп жатқан сарбазбын, жарна төлемеймін, бірақ сақтандырылғанмын. Менің сақтандырылған мәртебем қанша уақытқа сақталады?

👉 Сіз мерзімдік қызметіңізді атқарып жатқан уақытта жарна төлеуден босатыласыз. Әскердегі қызметіңіз аяқталған соң сізге сақтандырылған мәртебесін сақтау үшін МӘМС-ке тұрақты түрде жарна төлеу қажет.

🔹️Мен жеке компанияда жұмыс істеймін және жалақыны орындалған жұмыс көлеміне қарай аламын. Егер салық салынатын кіріс шегі көтерілетін болса МӘМС-ке жарналарды арттыру туралы ереже кімдерге әсер етпек?

👉 Қарастырылып жатқан түзетулерде МӘМС-ке аударымдарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы кірістің жоғарғы шегін 2025 жылдан бастап 10 ЕТЖ-дан 50 ЕТЖ-ға дейін өсіру туралы сөз болуда.

Алдын ала жасалған талдау көрсеткендей, бұл өзгерістер ай сайынғы табысы 10 ЕТЖ (биыл 850 мың теңге) асатын жалдамалы қызметкерлерге ғана әсер етеді. Яғни, егер сіздің жалақыңыз кейде 850 мың теңгеден асатын болса, онда сіз нақты табыстың 2% төлейсіз.