15 мамыр 2025 жылы Семей қаласындағы «№1 қалалық емхана» қызметкерлері «Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау ұлттық орталығында семинар мен оқу-жаттығуға қатысты. Тақырыбы: Аса қауіпті инфекциялар. Оқу барысында «шартты түрде ауырған науқас» мысалында холераға күдік туындаған жағдайда пациентті қабылдау тактикасы, 1-типтегі обаға қарсы костюмді киіп-шешу тәртібі көрсетілді, инфекционист дәрігердің, емхана әкімшілігінің және эпидемиолог дәрігердің іс-қимылдары пысықталды.