Құрметті пациенттер!
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңға өзгерістер енгізілді.
Қазіргі уақытта халықтың 83%-ы сақтандырылған. Алайда шамамен 3,3 миллион адам МӘМС жүйесімен қамтылмаған.
2024 жылғы 7 шілдеде өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыруды тапсырды: «Әлеуметтік осал санаттағы азаматтар үшін медициналық сақтандыру жүйесіне аударымдар жергілікті бюджет есебінен жүргізілуі тиіс».
Осыған байланысты МӘМС жүйесімен халықты кеңінен қамтуға мүмкіндік беретін жаңа шаралар енгізілді.
Осы шаралардың арқасында 2026 жылы МӘМС жүйесімен қосымша шамамен 1 миллион адам қамтылады деп күтілуде.




