Тіркеу бөлімі

8 (7222) 52-17-27
8 (7222) 52-34-10

Сенім телефоны

8 (7222) 52-10-25

МӘМС арқылы медициналық көмекті қалай алуға болады?

21.04.2024

‼️МӘМС АРҚЫЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?

✔️ Сізге бірінші кезекте алғашқы медициналық-санитарлық көмек (МСАК) көрсететін медициналық ұйымдардың біріне тіркелу қажет. Бұл жерде клиника немесе емхана медициналық сақтандыру қорының жеткізушілері қатарынан болуы керек екенін есте ұстаған жөн.

🔴Егер сіз әлі тіркелмеген болсаңыз, уақыт бөліп, тіркелгеніңіз жөн. Онсыз сіз дәрігердің қабылдауына және диангонстикадан өте алмайсыз. Сондай-ақ көмектің басқа да түрлеріне жолдама берілмейді.

✔️ Екінші. Медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебеңізді тексеруді ұмытпаңыз. МӘМС-тің кеңейтілген пакетіне қол жеткізу үшін сізге «сақтандырылған»мәртебесін алу қажет. Мұны Қордың сайтында ЖСН нөмірі бойынша немесе @saqtandyrybot жеделхат-ботының көмегімен тексеруге болады

✔️ Үшінші. Емханаға жоспарлы бармас бұрын, алдымен терапевтке жазылуды ұмытпаңыз. Мұны мобильді қосымша арқылы немесе сіздің қалаңыздың бірыңғай байланыс орталығы немесе емхананың call-орталығы арқылы жасау тиімді. Талонды алу үшін қабылдауға сәл ертерек келген дұрыс. Бүгінде әрбір қалалық емханада электронды кезек жұмыс істейді

📌 Сіз участкелік дәрігердің жолдамасынсыз бейінді маманға жүгіне алмайтыныңызды есте ұстаған жөн

✔️ Төртінші. Участкелік дәрігер сізге негізгі немесе кеңейтілген талдаулар тізіміне жолдама береді. Қажет болған жағдайда диагностикалық тексеруге және денсаулығыңыздың жай-күйін бағалау үшін бейінді маманға кеңес береді. Бұл үшін өз қалтаңыздан төлеудің қажеті жоқ

‼️ ЗЕРТТЕУГЕ НЕМЕСЕ БЕЙІНДІ МАМАНДАРҒА ЖОЛДАМА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨРСЕТІЛІМДЕР БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА ҒАНА БЕРІЛЕДІ

🔴 Естеріңізге сала кетейік, медициналық көмек алу мәселелері бойынша және кез келген туындаған мәселелер бойынша сіз әрқашан келесі қолжетімді ресми байланыс арналары: 1414 байланыс орталығы, «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы, Қор сайты арқылы хабарласа аласыз www.fms.kz, Telegram-дағы Saqtandyry-bot

#мәмс #осмс #тмккк #гобмп #участкелідәрігер #участковыйврач#поликлиника 1